«Мемлекеттік қызметте туыстық қарым-қатынасқа жол жоқ»

Атырау облыстық әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171221-WA0014

Жиын барысында күн тәртібіндегі 9 мәселе қозғалды. Аудан басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, Атырау облыстық құрылыс, мемлекеттік сатып алу басқармаларының ағымдағы жылы атқарған іс-әрекеттері мен тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі сөз болды.

IMG-20171221-WA0015

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барлық мәселелер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Аймақ басшысы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту үшін жұмыс деңгейін жоғарылату  қажеттігін атап өтті.

IMG-20171221-WA0013

«Біз өз жұмысымызға объективті түрде баға беруіміз керек. Өзімізге жүктелген міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау шарт. Туыстық қарым-қатынас пен өзге де байланысты ұмыту қажет, жұмыста әрқайсымыз мемлекеттік қызметкерміз, сіздерден басқа жұмыс талап етілмейді. Тек өкілеттілігіңізді дұрыс орындау»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Айдос Қарабала

One comment

  1. Зайтуна

    Курметти аким мырза занга багынган кул болмас.алайда окинишке Орай мундай жагдайлар оте коп.аудан акимдеренин кысымшылыгынан азап корип кулагымыз тыныш басымыз аман болсын деп.иа болмаса коргайтын крыша болмагпндыктан беретин акшамыз болмагандыктан амал оз еркимизбен арыз жазуга мажбур болдык.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*