Келінімен жанжалдасқан Исатай ауданының тұрғыны медиация көмегімен татуласты

Атырауда келінімен жанжалдасқан Исатай ауданының тұрғыны медиация көмегімен татуласты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзінің келінімен келісе алмай жанжалдасып қалған К.С. сотқа талап арыз жолдап, Б.А.-ны тұрғын үйден шығаруды сұраған.

Алайда, іске дайындық кезінде тараптар судья-медиатормен медиация өткізу туралы өтініш беріпті. Нәтижесінде, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасақталған.

Исатай аудандық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото pravmir.com сайтынан алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*