Балық шаруашылығы субъектілерінің квотаны игеру көрсеткіші жоғарылаған (ФОТО)

Былтырғы жылға балық шаруашылығы мекемелері арасында «су маржандарын» аулауға бөлінген квотаның игерілуі. Сала қызметкерлері тарапынан табиғат қорғау заңнамасының бұзылуы. Балық аулаумен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына су айдындарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Осы және өзге де өзекті мәселелер облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібіне қойылып, әңгіме арқауына айналды.

ЕАС 003

Лимиттің игерілуі – 87,3 пайыз

Бірінші мәселе бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Жайық-Каспий бассейнінен және басқа да су айдындарынан ауланатын балық лимитінің бекітілген көлемі 12,594 мың тоннаны құраған. Соның ішінде, Жайық өзені бойынша 3190,4 тонна, Қиғаштан-3425,5 тонна және Каспий теңізінен 5978,3 тонна баулық аулау жоспарланған.

Есепті мерзімде табиғат пайдаланушы субъектілердің балық аулауға берген өтінімдерінің көлемі 10 994,45 тоннаны құрап, көп жылдардан бері алғаш рет бөлінген квотаның игерілу көрсеткіші жоғарылап, тұтастай Жайық-Каспий бассейні бойынша алғанда 87,3 пайызға жеткен. Осылайша, балық шаруашылығы кәсіпорындарының табиғатты пайдаланғаны үшін бюджетке төленген (салық түрінде) қаражат сомасы 193 млн.теңге болды. Кәсіпорындар арасынан «Амангелді», «Севкаспийфиш», «Каспийбалық», «Тілекші» ЖШС-тері бөлінген квотаны толығымен игерген. Бұған керісінше, «Ақсу Қиғаш» ЖШС БК, «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығы, «Стандарт», «Каспий таңы» өндірістік кооперативтері төмен көрсеткіштермен шектелген.

ЕАС 028

Заңнаманы бұзғандар жазасыз қалмайды

Атқарылған жұмыстарға, еншіленген табыстарға қарамастан, балық шаруашылығы субъектілерінің тарапынан табиғат қорғау заңдылықтарын бұзу фактілеріне жол берілген. Атап айтқанда, «Ақсу Қиғаш» ЖШС БК бойынша екі, «Абылайхан», «Амангелді», «Восток» ЖШС-теріне қатысты бір-бірден қылмыстық іс көтеріліп сотқа жолданған. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылық деректері бойынша жинақталған материалдар шара алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілген. Жалпы алғанда, есепке алынған әкімшілік құқық бұзушылық дерегінің саны 100-ге жуықтаған. Олардың бәріне де тиісінше шара қолданылып, кінәлілер деп танылғандар тәртіпке шақырылған.

Одан әрі баяндамашы балық шаруашылығы құрылымдары арасында квотаның бөлінуіне, олардың саланы дамыту жөнінде қабылдаған келісімшарттық міндеттемелерін орындау барысына назар аударды.

ЕАС 026

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*