Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт бензин бағасына әсерін тигізе ме?

ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетов Атырау мұнай өңдеу зауытында болған өрттің бензин бағасына кері әсерін тигізбейтінін жеткізді,-деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Атырау мұнай зауытында болған өрттен кейін құбыр мен оның жанында болған кабельдерді ауыстыру қажет. Оған 5-6 күндей кетеді. Әрине, бензин мен дизель отынын өндіру көлемі төмендейді. Алайда бұның бәрі мұнай өнімдері нарығына ешбір әсер етпейді. Себебі қажетті жанар-жағармай қоры бар»,-деді М.Досмұxамбетов журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде шығындар есептеліп жатыр. Оның көлемі көп болмайды. Дегенмен, мұнай өңдеу көлемі азайғандықтан, зауыт біршама табыстан айырылады.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*