Атырауда қаңтар айының соңына дейін мектеп оқушылары тұмауға қарсы екпе қабылдайды

2018 жылдың алғашқы аптасында 497 жедел респираторлық вирустық инфекциясы тіркелген болатын. Осыған орай, жаңа жылдың алғашқы аптасында 61516 адам тұмауға қарсы екпе қабылдады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тұмау

«Денсаулық сақтау министрлігінен Атырау облысына мектеп оқушылары үшін 10 мың доза вакцина бөлінді. Қаңтар айының соңына дейін барлық емханаларда мектеп оқушылары өз еріктерімен тұмауға қарсы тегін екпе қабылдай алады»,-дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Гүлжамал Таубаева.

Мамандардың айтуынша, тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы екпе қабылдау. Екпе тұмау вирусын жұқтырған жағдайда, аяғы қайғылы жағдаймен аяқталу қаупінен қорғайды, клиникалық ауру кезеңін жеңілдетеді. Эпидемиологиялық бақылаудың нәтижесіне сүйенсек, науқастанғандардың 80%-ға жуығы тұмауға қарсы екпе қабылдамағандар.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*