Атырауда «Жыл адамы — 2017» анықталды (ФОТО)

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Жыл адамы — 2017» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оған Атырау қаласының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына үлес қосып, жыл бойы үздіксіз еңбек еткен өз ісінің майталмандары қатысты.

ANU_6643

Азаматтардың еңбегін бағалап, арнайы марапаттар арқылы мерейін өсіріп, қанаттандыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов барша жиналғандарды жетістіктерімен құттықтады.

ANU_6304

«Биыл экономикалық түрде өсім артып, үлкен жаңалықтар орын алды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуіне де әрқайсысыңыздың қосқан үлестеріңіз зор. Әр салаға серпін беріп, тың тыныс әкелген, өз ісінде ерекше ерік-жігер танытқан осындай еңбекқор жандар есімі ел жадында мәңгі жаңғырмақ. Сіздердің жүктелген міндетті абыроймен атқарып, тынымсыз жасаған еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болары анық»,-деді Серік Жамбылұлы.

ANU_6396

Марапаттау рәсімінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп, денсаулық саласының үздігі Ғарифолла Шәнгереев, геология саласының маманы Мәнсия Бабашева, Құрметті байланысшы, еңбек ардагері Асау Ибрашев «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Ал, «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұраддин Шамшатов пен Қ.Сәтбаев атындағы №11 мектеп-гимназиясының дене тәрбиесі пәні мұғалімі Анатолий Лысяк Атырау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ANU_6562

Шаһардың экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосқан әр саланың үздіктері 16 номинация бойынша іріктелген. Оларға арнайы сертификаттар табыс етіліп, қошемет көрсетілді.

ANU_6572

Сонымен, «Жыл депутаты» – Салтанат Рахимова, «Белсенді депутат» — Әлібек Семғалиев болды. «Жылдың мемлекеттік қызметкері» – Гүлшат Жұмағалиева, «Коммуналдық саланың жыл қызметкері» – Темірлан Әубәкіров, «Жылдың құқық қорғаушысы» – Тұрарбек Сатыбаев, «Әлеуметтік саланың жыл қызметкері» болып Қалампыр Жүнісқалиева танылды. Салауатты өмір салтын насихаттап, спортты серік еткені үшін «Жыл спортшысы» аталымы Нұрлан Домбаевқа берілді.

ANU_6659

Ал, «Жыл тәрбиешісі» – Роза Жайымова, «Жыл құрылысшысы» – Ермек Хамидуллин, «Жыл кәсіпкері» – Елжан Серғалиұлы, «Ауыл шаруашылығы саласының жыл қызметкері» — Азамат Дүйсенғалиев болды. Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Құралай Бүркітова – «Жылдың мәдениет қызметкері», Ақманар Жиенқұлова – «Жыл мұғалімі» атақтарына ие болса, медицина саласындағы озық еңбегі үшін Гүлжан Сайынова «Жыл дәрігері» атанды.

ANU_6449

Әріптесіміз, республикалық «Айқын» газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова «Жыл журналисті» деп танылды.

ANU_6287

Салтанатты шараның ең басты жүлдесі – «Жыл адамы» атағы «Атырау.Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиевке табысталды.

ANU_6186

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*